Егіз балаларды өлтірген әке полицияға өз аяғымен баруға көнген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Егіз балалардың өліміне қатысты күдікті Алла Волченко сотта азаматтық некедегі күйеуін полицияға барып, кінәсін мойындауға қалай көндіргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Егіз баланың анасы Алла Волченко сотта балалардың өлгені туралы хабарды қалай естігенін, күйеуін қалай полиция баруға көндіргенін айтты.

«Ол басында маған балалардың қайда екенін айтпады. Балалар үйіне апарып тастағанын айтып, маған арақ ішкізді. Мен ашуландым. Ол уақыт созып, сосын айтамын деді. Мен балалар үшін қорқып кеттім. Сол кездегі күйімді қазір жеткізе алмаймын. Ол маған балаларды тұншықтырып өлтіргенін айтты. Сосын, егер біреуге айтсам, үлкен ұлымды да егіздердің соңынан «аттандыратынын» айтты. Мен үлкен ұлымның өмірі үшін қатты алаңдадым», -деді Волченко.

Волченко азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмудтиновті полицияға барып, барлығын мойындауға көндіргенін айтты. Гильмутдинов бұған мастықтан есін жиғаннан кейін, ертеңінде 12 қыркүйек күні келісімін берген.

Волченко Гильмудтиновтің арақты жиі ішетінін, мас күйінде не істеп, не қойғанын білмейтінін айтты.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түркісіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі, 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар