Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египетте тіл үйренуге барған 6 қазақстандық студентті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Дипломаттарға жоғалып кеткен студенттердің туыстары мен жақындары хабарласты. Жоғалып кеткен 6 қазақстандық - Мысырдағы оқу орындарының бірінде тіл курстарының студенттері. Олар байланысқа шықпай қалды және қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Каирдегі Қазақстан елшілігі Египеттің сыртқы істер министрлігіне іздеу жұмыстарына көмек беру туралы нота жіберді. Жауап күтіп отырмыз», - деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетсек, Египетте жоғалып кеткен Қанат Берікке Facebook арқылы іздеу жарияланды . Айбол Исабек есімді қолданушының жазуынша, Қанат 11 шілде күні досы Еламан Жазылханмен Египетке ұшып кеткен.
«Алматыдан Шардж қаласына ұшқан. Шардждан Александрияға. Барған сәтте ҚР елшілігіне тіркелген. 20 шілде күні екеуі де байланысқа шықпай қалды. Египеттегі Қазақстан Консулы Ершат олардың қайда екенін білмейді. Оларды іздестіруге баршаңыздан көмек сұраймын! Соңғы дерек бойынша, тағы 4 бала жоғалған. Жалпы саны 6 қазақстандық студент жоғалып кетті», - деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар