Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысы әкіміннің 2018 жылы 17 сәуірдегі өкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша және аудандық мәслихаттың келісімімен Ерлан Исабеков Егіндікөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Шойұлы - Алматы облысының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін математика бакалавры және магистрі мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2012 жылы Вашингтон қаласында Джорджтаун университетінде экономика магистрі дәрежесін алған.
null

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы № 131 мектеп-лицейінің математика мұғалімі болып бастаған. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2002-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік бақылау саласында, 2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдар атқарды.
null

Бүгінгі таңға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы болып істеді.

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин Ерлан Исабеков пен аудан активіне бірқатар міндеттер жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласында көктемгі егін егу науқанын сапалы жүргізу, барлық түрлері бойынша мал басының санын арттыру, сүтті мал шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өңдеуді дамыту жобаларын жүзеге асыру.

nullЖаңа аудан әкіміне Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде іске қосылған «Армавирский» ЖШС-ның жүктелуін бақылауға алу және Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жаңа жобаларды қарастыру тапсырылды. Сонымен қатар, облыс әкімі шағын және орта бизнесті, МЖӘ, тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударды. Жұмыстың басымды бағыттарының ішінде «Рухани жаңғыру», «Денсаулық», Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бар.

Соңғы жаңалықтар