Эгей теңізіндегі жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала ақпарат бойынша Грекияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Осы уақытқа дейін зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деді ол ҚазАқпараттың сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, жұма күні Эгей теңізінде болған жер сілкінісі салдарынан Грекияның Кос курорт-аралында кем дегенде екі адам қаза тапқан.

Бұрын хабарланғандай, жергілікті уақытпен 1:31-де Түркияның жағалауында 6,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, оның салдары шағын цунамиге соқтырды.

Зілзала ошағы Түркияның Мугла провинциясындағы Бодрум курортты-қаласынан - 10, Кос аралынан 16 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Сағат 2:23-те 4,7 магнитудалы афтершок тіркелген. Ал екінші рет қайталанған зілзаланың эпицентрі Кос аралынан 9 шақырымдай қашықтықта болды.

Соңғы жаңалықтар