Егде шаңғышы жарыс жолында көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей шаңғышысы Андрей Шамшурин АҚШ-та өткен ардагер шаңғышылар арасындағы әлем чемпионатында жарыс жолында келе жатып көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі skisport.ru сайтына сілтеме жасап.

«Лыжный спорт» журналының редакциясы мәлімдегендей, 1963 жылғы ресейлік шаңғышы  жарыс жолында келе жатып көз жұмған. Ардагерлер арасындағы чемпионат 26 қаңтар күні Миннесота штатында өткен болатын. Куәгерлердің айтуынша ресейлік шаңғышы мәреге сәл ғана жетпей қалған. Енді спортшының отбасына мәйітті АҚШ-тан жеткізу қомақты қаражат керек.

Соңғы жаңалықтар