Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Эфиопияда болған жол апатынан 21 адам көз жұмды

Эфиопияда болған жол апатынан 21 адам көз жұмды
2017 жылғы 15 қараша 06:50 299

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияның солтүстігіндегі Тигр провинциясында автобус аударылып қалып, 21 адам қайтыс болды. Сондай-ақ көптеген адамдар жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

«Қазіргі таңда 21 адамның құрбан болғаны ғана мәлім және көптеген адамдар жарақат алды»,-делінген осы оқиғаға қатысты таратылған баспасөз баянында.

Онда сондай-ақ зардап шеккен барлық адамдар ауруханаға жеткізілгендігі айтылған.

Жол қозғалысын реттеушінің айтуынша, автобустың апатқа ұшырауы оның шектен тыс көп адамдарды мінгізіп алуына байланысты болуы мүмкін. Жалпы талап бойынша автобусқа 27-ен артық адам алуға болмайды. Ал автобус апатқа ұшыраған уақытта онда 34 адам отырған.

Осыған дейін орталықафрикалық мемлекетте болған ірі жол апатынан 78 адам қайтыс болғандығы жарияланған. Адамдар мінген жүк көлігі Бамбари қаласы маңында төңкеріліп қалған.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Көлік, Оқиға,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер