Эфиопияда 100 мың жұмыс орны ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ пен Дүниежүзілік банк Эфиопияда 100 мың жұмыс орнын ашпақ. Осы істерімен олар Эфиопия еліне босқын дағдарысынан қысылмай шығуға жәрдем береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша жаңа екі индустриялдық аймақ ашылуы керек. Оған жарты миллиард доллар жұмсалады. Есесіне ресми Аддис-Абеба елге келген 30 мың босқынның жұмыс істеуіне рұқсат беруі шарт.

Жаңа жоба БҰҰ-ның саммитінде жарияланды. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің айтуынша, егер бастама сәтті жүзеге асатын болса, өзге де дамушы аймақтарға үлгі болады.

Айта кетейік, Эфиопия - Африкада босқындарды ең көп қабылдаған мемлекет. Соңғы жылдары онда Оңтүстік Судан мен Эритрея және Сомали елдерінен 700 мыңнан астам босқын барған.

Соңғы жаңалықтар