ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық комиссиясында ЕЭК Сауда алқасының мүшесі Вероника Никишина Сербия Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары, сауда, туризм және телекоммуникациялар министрі Расим Ляичпен кездесті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу барысында тараптар желтоқсан айының басында өткен Еуроазиялық экономикалық одақ пен Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекітудің алғашқы кезеңінің нәтижелерін талқылады.

 Вероника Никишина Сербияның ЕАЭО сауда саясаты ретінде маңызды рөлге ие екенін атап өтті және ЕАЭО барлық мемлекеттері мен Сербия арасында еркін сауда аймағын құруға әрекет ететіндерін жеткізді.

Өз кезегінде, Расим Ляич Сербия үшін Одақпен келіссөздердің тезірек аяқталуы маңызды екенін айтып, келісімнің ЕАЭО мен Сербия арасындағы саудаға қосымша қозғау салатынын мәлімдеді.

 Министрлер бірлескен белсенді жұмысты жалғастыруға уағдаласты және 2018 жылы келіссөздер процесінің табысты аяқталарына үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар