ЕЭК нарықтағы бәсекелестіктің бұзылуына тексеріс жүргізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 2017 жылы бәсекелестік ережелерін бұзған екі істі ашты. Бұл туралы ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Марат Құсайынов VII Петербург халықаралық заң форумында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестік ережелерінің бұзылуына байланысты екі іс ашылды, олар трансшекаралық нарықта трансформаторлар өндірісі және Армениядан шығатын басқа «бестік» мемлекеттер бағыты бойынша авиациялық жолаушылар тасымалы нарығында орын алған. 

«ЕЭК міндеті нарықта орын алған бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай-ақ олардың алдын алу, жағдайды қалпына келтіру, - деді Марат Құсайынов. - Мәселен, жаһандық нарықтағы мұндай жұмыстар - мобильді байланыс операторларының қызмет көрсету бағасының  5-14 есеге төмендеуіне ықпал етті».

ЕЭК министрі бұл мәселе бойынша комиссиямен бірлесіп монополияға қарсы ұйымдар мен мобильді операторлар жұмыс істегендігін атап өтті.

Марат Құсайынов комиссияның құқық қолдану тәжірибесі жайлы егжей-тегжейлі  ақпарат берді. Құқық бұзушыға берілетін айыппұл бойынша ережелер әзірленген. Бәсекелестіктің жалпы ережелері бұзылған жағдайда комиссия мен мүше-мемлекеттер бәсекелестігін қорғау жөніндегі органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері пысықталған. 

Соңғы жаңалықтар