ЕЭК энергетика және инфрақұрылым саласына жаңа министр тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер басшыларының шешімімен Эмиль Кайкиев ЕАЭО экономикалық комисиясының энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды. 

20 ақпаннан бастап ол қызметіне кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ЕАЭО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа министр ЕАЭО-да Қырғызстан Республикасының атынан сайланған.

 Естеріңізге сала кетейік, комиссия Алқасы 10 адамнан тұрады. Одаққа мүше әрбір елдің атынан екі Алқа мүшесі қатысады.

Эмиль Әбдіхалықұлы Қырғызстанның СІМ-саласында көп жылдар бойы тәжірибе жинаған білікті мемлекеттік қызметкер. 

Соңғы жаңалықтар