ЕДҚКБ Қарағандының коммуналдық жүйесін жаңғыртуға қарыз беруді ұсынуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД мен Азияны қалпына келтіру және дамыту жөніндегі Еуропалық банктің банкирі Бахтиер Файзиев Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке халықаралық қаржы институтының ТКШ саласындағы жобалары несиелеу жобасын таныстырды.

«Біздің мақсатымыз - қызмет секторын коммерциалау және инфроқұрылымдық жобалар банк операцияларының бір бөлігі. Қазақстандағы инвестицияның жиынтық көлемі 7 миллиард долларға тең, яғни ЕДҚКБ Қазақстандағы мұнай-газ секторынан басқа саладағы ең ірі инвестор болып табылады», - деп атап өтті Бахтиер Файзиев.

Өз кезегінде облыс әкімшілігі бұл ұсынысқа жан-жақты қызығушылық танытты, өйткені қарызға алған қаражатты мемлекеттік ресурстарды тарту арқылы пайдалану мүмкіндігі бар, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. ЕДҚКБ Қарағанды қаласындағы тозу деңгейі 70 пайызға жеткен коммунальдық инфрақұрылымды жаңарту жобасына қатыстыру жоспарлануда. Әрі қарай бұл тәжірибе облыстың басқа да елді мекендеріндегі ТКШ мекемелерін модернизациялауға қолданылады.
«Тұрғын үй коммунальдық шаруашылық секторы жобасына инвестиция салуы - өте маңызды мәселе. Бізде Шахтинск ЖЭО модернизациялау, Теміртау қаласының жылу желілерін қалпына келтіру және басқа да көптеген жобалар бар. Сондықтан да біз алдағы қарым-қатынасқа мүделіміз», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

 

Соңғы жаңалықтар