ЭЦҚ тіркеуінсіз egov.kz анықтамаларын алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар сотталмағаны туралы анықтаманы электронды үкімет порталынан бір реттік sms-құпиясөз арқылы ала алады. Құпиясөз egov.kz порталына тіркелгенде қызмет тұтынушының ұялы телефонына келіп түседі. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалықтар портал қызметтерін көрсетуді айтарлықтай жеңілдетеді.

«Барлық қазақстандықтарда электрондық цифрлық қолтаңба жоқ, бар болса да, үнемі өзімен бірге алып жүрмейді. Бір анықтама үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару бәріне ыңғайлы емес. Мұндай жағдайда бір реттік құпиясөз арқылы қызмет көрсету - тығырықтан шығудың ең тиімді жолы. Бір реттік құпиясөзді халыққа қызмет көрсету орталығында ЖСН телефон нөміріне тіркеу арқылы алуға болады. Осылайша, жақын арада ЭЦҚ тіркеуінсіз өзге де мемлекеттік қызметтерді көрсетуге болады», - деді Оспанов.

Сонымен бірге, бір реттік құпиясөзді алу үшін азамат электронды үкімет порталындағы m-gov телефон нөмірлер дерекқорына тіркелуі керек.

Жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен пилоттық режімде жүзеге асты. Сонымен бірге, қазіргі уақытта өзге мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар