ЕЧ: Жеңімпаз атанған Беларусь жеңіл атлеті әнұран қате орындалғандықтан тұғырдан түсіп кетті

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа жасөспірімдер чемпионатында жеңімпаз атанған Беларусь жеңіл атлеті Виолетта Скворцова әнұран қате орындалғандықтан тұғырдан түсіп кетті.

 Бұл туралы Беларусь жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылар қай елдің әнұраны орындалғандығын айтпай отыр. Ресми тұлғалар оның орнына қайта келуін талап етіп, тіпті жарыстан шығарып тастайтындықтарын айтып қорқытқанымен спортшы үзілді -кесілді бас тартты. Қорытындысында Еуропа чемпионатының ұйымдастырушылары Скворцовадан кешірім сұрап, марапаттау рәсімін 22 шілдеде қайта өткізуге уәде берді.

19 жастағы Виолетта Скворцова қатарынан үш рет секіруден жеңіске жетті.

Турнир Италияда Гроссетода өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар