East Wings компаниясының Ан-28 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті  East Wings компаниясының Ан-28 ұшақтарының ұшуын тоқтатты. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2017 жылғы 3 қазанда адам өліміне соқтырған регистрациялық нөмірі UP-2807 болған АН-28 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты «East Wings» АҚ компаниясының барлық АН-28 ұшақтарының ұшырылуын ұшақ апатын тергеу комиссиясы алдын ала жұмыстарын аяқтағанға және бұл оқиғаның себебін анықтағанға дейін тоқтатады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 3 қазанда Алматы облысы Іле ауданында санитарлық авиацияның АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапқан болатын. Дәрігерлер Алматыдан Шымкентке жаңа босанған әйелге көмек көрсетуге бара жатқан. Кейінірек ол әйел де ауруханада көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар