ЕАЭО мен Иран арасындағы келісім үш жыл жалғасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында қол қойылған еркін сауда аймағы туралы келісімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ қазір Израиль және Сербиямен келісім жасау үшін тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Дәл қазір Иранмен уақытша келісім жасау үшін өте қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бұл келісімнің маңызы зор, өйткені - Иран біздің өңірдегі ел, Каспий теңізіндегі шекаралас ел. Осы жылы уақытша келісімге қол қоямыз деген үміт бар»,-дейді вице-министр.

Келісім жасалса, үш жылдық мерзімге жасалмақ екенін де атап өтті ол. «Біз келісімді үш жылға арнап жасаймыз. Өйткені, Иран әзірге Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше емес, яғни, осы ұйымға мүше болатын келіссөздері қатар жүріп жатыр»,-деп түсіндірді Жақсылықов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі еркін сауда аймағы туралы уақытша келісім жасау үшін Иранмен арада консультация бастауға рұқсат берген болатын.

Соңғы жаңалықтар