ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа желтоқсанда қол қойылады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшысы Минскіде ЕАЭО Кеден кодексі жобасының әзірлігін талқылады, деп хабарлады Мәскеудегі ҚазАқпарат ХАА тілшісі ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 12 тамызда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында премьер-министрлер мемлекетішілік келісім рәсімдерін жүргізу үшін елдегі ЕАЭО кеден кодексінің әзірленген жобасын жіберу туралы келіскен. Бұл ретте мемлекетішілік келісімді аяқтау мерзімін 20 қыркүйек деп белгілеген. Бұдан әрі жоспар бойынша - сарапшылар тараптардан түскен түзетулер мен ескертулерді пысықтауға бір ай, содан кейін жобаны Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына шығарып, сосын жобаны ЕАЭО КК туралы шартты қол қоюға жіберуді болжаған.

ЕАЭО Кеден кодексі жобасын мемлекетішілік келісу нәтижесі бойынша одақтың 5 елінен 600-ге жуық түзетулер түсті. Кеден заңнамасын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобының және құрамында одақ елдері ведомстволарының жаңа Кеден кодексін әзірлеуге уәкілетті басшылары мен басшылардың орынбасарлары бар жоғары деңгейдегі жұмыс тобы берілген мерзімде барлық кедендік мәелелерді келісіп үлгерді. Барлық ел толық келісіп болмаған еркін сауда аймақтарында кедендік реттеуге байланысты ЕАЭО КК жобасының новелласы ғана қалды.


Үкіметтер басшылары Одақтың КК жобасын қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдерге жіберуге кедергі келтіретін келісілмеген он мәселені талқылады. Келіссөз нәтижесі бойынша төрт мәселе бойынша түйін шешілді, оның біреуін тараптар резервке алды, ал 5 мәселе қосымша консультация жүргізуді талап етті.

Үкіметтер басшылары қалған келіспеушіліктерді реттеу үшін қарашада Мәскеуде тағы бір отырыс өткізетін болды. Бұл ретте мемлекеттер басшылары қол қоюға арналған ЕАЭО Кеден кодексі туралы шарт жобасын осы жылғы желтоқсанда Жоғарғы Еуразиялық кеңес отырысына шығару жоспары өзгеріссіз қалды.

Соңғы жаңалықтар