ЕАЭО елдерінде баждар тұрақты бөлінетін болады - Сенат

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлуді қарастыратын Хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың сөзіне қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары баждарды бөлу тәсілдерінің бірдей болуын қамтамасыз ету мақсатында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады.

«Хаттаманы іске асыру кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу нормативін азайтуға алып келеді, осыған байланысты республикалық бюджеттен шартты шығындар болжанып отыр. Осы орайда 2018 жылы 1,9 млрд теңгені және 2019 жылы 2 млрд теңгені құрайды. Осылайша, Хаттаманы ратификациялау және іске асыру бірыңғай тәсілдер мен баждарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттеріне тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етеді», - деді Т. Сүлейменов.

Атап айтқанда, аталған құжат ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын қолданыстағы халықаралық шарттарға әрі екіжақты келісімдерге қайшы келмейді

Соңғы жаңалықтар