ЕАЭО елдері аумағында роуминг 2019 жылға дейін тоқтатылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018-2019 жылдар аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде роуминг тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

«Біз бұл мәселені 2018-2019 жылдары ЕврАзЭҚ аясында шешуге болады деп ойлаймыз», - деді Ресей Федералды антимонополиялық қызметі басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин.

Еуразия экономикалық одағына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан елдері кіреді.

Бұдан ертерек Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко РФ мен Беларусь елдері арасындағы роумингті тоқтату туралы ұсыныс айтқан, ал мемлекет басшысы Александр Лукашенко оны қолдаған. Федералды антимонополиялық қызмет шешіміне сейкес, Ресейде оператор-компаниялар желішілік роумингті 13-14 тамызда тоқтату керек болатын.

Соңғы жаңалықтар