ЕАЭО-да рубльмен есеп айырысуға көшу қажет - экономист

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде стратегиялық тауарлар саудасында рубльмен есеп айырысуға көшу және долларға байланудан бас тарту жөн болады.

Мұндай пікірді Еуразиялық сарапшылар клубының мүшесі, интеграциялық үрдістерді зерттеу бойынша авторлық ұжымның жетекшісі, экономика ғылымдарының доқторы Ашот Тавадян білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Мұндай шара бірінші кезекте, экономиканы ұлттық валюталардың долларға қарағандағы құбылуынан, ЕАЭО елдерінде долларлану деңгейін төмендетуден, сондай-ақ конвертация шығындарын болдырмаудан қауіпсіздендіру үшін қажет», - деп атап өтті жұма күні Тавадян Гюмри қаласында өтіп жатқан «Армян-ресей стратегиялық одағына өзекті қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер» тақырыбындағы конференция шеңберінде.  

Оның айтуынша, ұлттық валюталардың түрлі құбылысынан елдердің бірі айтарлықтай басымдыққа ие болмас үшін, ЕАЭО-ның Валюта саясаты туралы келісімінің талаптарын орындау және оларды айқындап алу аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар