ЕАЭО-да электротехника құралдарында зиянды металдарды пайдалануға тыйым салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 1 наурызда «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды пайдалануды шектеу туралы» ЕАЭО техникалық регламенті күшіне енді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Фейсбуктегі расми парақшасында хабарланды.

Ведомство таратқан мәлліметке сай, бұрын ЕАЭО елдерінде тұрмыстық техникадағы зиянды заттардың қолданылуын анық шектейтін нормативтік актілер болмаған.

«ЕАЭО аумағында техникалық регламент күшіне енгеннен бастап кең таралған тұрмыстық құралдарда компьютерлер, теледидарлар, тоңазытқыштар, ұялы телефондар және т.б. қорғасын, сынап және басқа да адам денсаулығы мен экологияға зиянды металдарды пайдалануға тыйым салынады немесе шектеледі» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар