Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бүгін қазақстандық көрнекті ақын, жазушы-әдебиеттанушы, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовпен кездесу болып өтті.

Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Жүздесу барысында университеттің студенттері мен оқытушылары қонақпен бірге әлемдік және отандық әдебиеттің дамуын, қазіргі әлемдегі әлеуметтік үрдістер эволюциясының беталыстарын талқылады. Шығармашылыққа бет бұрған жас ақындар мен жазушылар атақты отандасына сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды, пікір алмасты», - деп атап өтеді ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

О.Сүлейменовке салтанатты жағдайда академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар