Дзюдодан өтетін әлемдік дода тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тунисте басталатын дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтарға дейін жалғасатын әлемдік Гран-Приде әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы бақ сынайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай  аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 13 татами шебері ел намысын қорғайды.

Жарыстың алғашқы күнін, яғни бүгінгі белдесулерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:55-те көрсетеді. Екінші жарыс күнін 20 қаңтарда 23:40-та, бәсекенің үшінші күнін 21 қаңтар, 23:10-да тікелей эфирде таратады.

Соңғы жаңалықтар