Дзюдо: Қазақ арулары Бакуде 7 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бакуде түркі тілдес халықтар  арасындағы студенттер ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталған додада Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Олар ел қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды.

Айталық, алтынды 52 келі салмақта Диана Аипова, 63 келі салмақта Айгерім Жұмаділда, 70 келі салмақта Ділбар Өміралиева және Нұрғаным Тұршабек қанжығасына байласа, қос күмісті 57 келі салмақта сынға түскен Динара Абильдаева мен 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Абиба Абужақынова жеңіп алды.

Ал жалғыз қола медальға 78 келі салмақта Азиза Марова иелік етті.

Фото ҚР Дзюдо федерациясы сайтынан

Соңғы жаңалықтар