Дзюдо: Кадеттер Азия чемпионатын сәтті бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливан астанасы Бейрутте дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы доданы отандастарымыз сәтті бастап, бәсекенің бірінші күні 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді.

Алғашқы алтын медальға 55 келі салмақта сынға түскен Шерзод Давлатов ие болса, ел қоржынына екінші алтын жүлдені 60 келіде бақ сынаған Данияр Шамшиев салды.

Екі күмістің бірін 50 келі салмақтағы балуанымыз Нұрдаулет Аманқосов жеңіп алды, ал екіншісін 40 келіде қыздар арасында сынға түскен Құндыз Жылқыбай қанжығасына байлады. Ал үш қола медалдің екеуін қыздар арасында  сынға түскен Аяулым Қуанышова (48 келі) мен Толғанай Абеуова (52 келі) жеңіп алса, үшінші қола жүлдені ерлер арасында 66 келіде өнер көрсеткен Алмас Уали еншіледі.

Соңғы жаңалықтар