Дзюдо: Бүгін бес салмақтан ел чемпиондары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Ақтөбеде қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күні ерлерден екі, әйелдерден үш салмақта чемпиондар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан бір күн бұрын жалауы желбіреген татами шеберлерінің сайысы Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтіп жатыр. Бүгін 5 салмақ бойынша бақтарын сынаған дзюдошылар өзара мықтыны анықтады.

Олар:

Ерлер:

73 кг
1.Азамат Муқанов (Қазақстан Дзюдо федерациясы)
2.Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
3.Жанболат Бағытбергенов (Ақтөбе облысы)
3.Елдос Жұмаханов (Алматы қаласы)

81 кг
1. Дидар Хамза (ОҚО)
2. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы)
3. Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)
3. Азиз Қалқаманұлы (Жамбыл облысы)

Әйелдер:

57 кг
1. Севара Нышанбаева (ОҚО)
2. Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)
3. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
3. Гаухар Дүкенбай (Жамбыл облысы)

63 кг
1. Мариан Ордабаева (Алматы қаласы)
2. Иоланта Бердібекова (Алматы қаласы)
3. Ділбар Өміралиева (Қарағанды облысы)
3. Назгүл Құбашева (Атырау облысы)

70 кг
1. Аэлита Щербакова (Алматы облысы)
2. Динара Кударова (Қызылорда облысы)
3. Ажар Салықова (Қарағанды облысы)
3. Зере Бектасқызы (ШҚО)

Естеріңізге сала кетсек, кеше бірінші күннің қорытындысын жариялаған болатынбыз. Жарыс 14-қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар