Джордж Крол Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінде қалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Джордж Крол қызметінде қалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The New York Times басылымы 2017 жылдың 5 қаңтарында таратқан ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың әр елдегі елшілері 20 қаңтарға дейін қызметтерінен кетуі керек. Бұл жүйе АҚШ-тың үкіметі ауысқан кезде орнап отырады. Дегенмен, тәртіпке сай, саяси тағайындалған елшілер ғана қызметінен кетуге міндетті. Ал, кадрдағы елші-дипломаттар орнында қала береді.
«Саяси тағайындалған елшілер Құрама штаттарының сыртқы дипломатиялық қызметінің мүшесі емес. Бұл санаттағы елшілер АҚШ-тың бүкіл әлемдегі елшілерінің үштен бірін құрайды. Ал, қалғандары АҚШ кадрлық дипломатиялық сыртқы саясатының мүшелері. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол кадрлық елші болып саналады, сондықтан ол 20 қаңтарға дейін де, кейін де қызметін жалғастыра береді»,- деп хабарлады АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар