Джоли Оскар иегерінің зәулім үйін 25 миллион долларға сатып алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актриса Анджелина Джоли 25 миллион долларға зәулім жеке үй сатып алғалы жатыр. 

Коттедж Лос-Анджелестің элиталы ауданы Лос-Фелисте орналасқан. Daily Mail газетінің хабарлауынша,  бұл үй 20-ғасырда «Әлемнің ұлы шоуын» түсірген Оскар сыйлығының иегері - режиссер Сесил Блаунтқа тиесілі болған.

Ңысан 1913 жылы салынған. Мұнда алты жатын бөлме, он жуынатын бөлме бар, сондықтан Джолидің үлкен отбасы бұл үйге емін-еркін сыяды.

Голливуд жұлдызы актер Брэд Питтпен ажырасқан соң, жаңа отбасылық үй іздестірген еді. 

Соңғы жаңалықтар