Дю Солей циркі Астанаға 25 контейнер әкелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дю Солей циркі Қазақстан астанасына ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы жасалған «Reflekt» шоуының 25 реквизиттер контейнерлерін әкелді. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында шоу директоры Бернард Пуарье мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық шоуға арналған костюмдер 300 бөлшектен тұрады. «Барлық костюмдер, техникалық құрылғылар және декорациялар Қазақстанға 25 контейнермен жеткізілді. Олардың бір бөлігі кемемен, екінші бөлігі жүк машинасымен әкелінді», - деді ол.

Қазіргі уақытта Астанада әйгілі канадалық цирк 16 маусым күні ЭКСПО алаңында өтетін шоуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Ұйымдастырушылар көптеген тосын сыйлар болады деп сендіреді.  

фото: @Мухтар Холдорбеков

Соңғы жаңалықтар