Дүйсенова кондукторлардың əлеуметтік пакеті мəселесін бақылауына алуға уəде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қоғамдық көлікте еңбек ететін кондукторларына тиесілі əлеуметтік пакет мəселесін жеке бақылауына алуға уəде берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кондукторлардың еңбек келісімшартына сəйкес, біз бүгін Үкімет отырысында талқылау жүргіздік. Сауалнама жүргізген кезде кейбір кондукторлардың айлығын конверт арқылы алатыны белгілі болып отыр. Яғни, оларға зейнетақы жарнасы төленіп жатқан жоқ. Жұмыс берушілер олармен еңбек келісімшартына отырмау арқылы кондукторларды барлық əлеуметтік кепілдіктерден айырып отыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мəслихатында.

Министр сонымен бірге декретке шығуға келгенде қулыққа басатындардың да мəселесі өзекті екенін атап өтті.

«Мен бұл мəселені жеке бақылауыма аламын. Бірақ кез келген ұйымды тексеру алдында азаматтардың өзінен өтінім келіп түсуі керек. Еңбек инспекциясымен  бірлесе отырып, жұмыс берушілерге еңбек келісімшартына отырмай адамды жұмыс алу əкімшілік, тіпті қылмыстық істің қозғалуына əкеп соғатынын ескерткім келеді», -  деп түйді Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар