Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Республиканың  кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай облысында найзағай болады, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 17-22 м/с-ға дейін күшейді.

Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысында күндіз желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін жетіп,  шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертен және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар