Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағайлы нөсер жауады, желдің күші 18 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, Шығыс Қазақстанда күндіз кей жерлерде  жел 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстанның басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар