Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл соғады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, шаңды  дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман болады, найзағай күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с жетіп, кей жерлеріне тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар