00:20, 10 Сәуір 2017 | GMT +6
Дүйсенбіде еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 сәуірде еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып өтеді. Респуликаның кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте-найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.