Дүйсенбіде елімізде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде  және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және түнде Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында қатты жел соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарында және Кызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерде өрт қаупі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар