Дүйсенбіде елдің басым бөлігінде бұрқасын соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, Жаланашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі күтіледі.

Павлодар, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады.

Соңғы жаңалықтар