Дүйсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 12 наурыз күні Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау,  Павлодар, Петропавл қалаларындағы метеожағдай ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ал, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент  қалаларында ластаушы заттар атмосферада сейіледі.

Аталмыш ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. 

Соңғы жаңалықтар