Дүйсенбі күні еліміздің 10 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 5 ақпандағы метеорологиялық жағдайлар еліміздің 10 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар