Дүйсенбі күні ел аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз өтеді.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Алматы, Атырау, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ болады.  

 

Соңғы жаңалықтар