Душанбеде «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанның астанасында өтіп жатқан білім көрмесінде тәжікстандықтар оқуға түсе алатын Қазақстанның жетекші 20-дан астам университеті таныстырылды, деп хабарлайды news.tj.

Көрме 15 мамыр күні Ресей-тәжік (славян) университетінің ғимаратында басталды және ол бүгін жалғасады. Көрмеге Қазақстанның «Назарбаев Университеті», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Нархоз университеті», М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы және тағы басқа 20-дан астам білім ордалары қатысуда.

Қазақстанның Тәжікстандағы дипломатиялық өкілдігінің басшысы Нұрлан Сейтімовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл білім көрмесіне жұртшылық жаппай қатысуда және бұл екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты,  соның ішінде білім алып жатқан жастар арасындағы академиялық ұтқырлықты жандандыру арқылы дамытуға бағытталған.

Көрмеге келушілер қазақстандық білім берудің артықшылықтары мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алудың мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ осы елдің білім ордаларындағы бакалавриат, магистратура, аспирантура және екінші жоғары білім секілді білім беру бағдарламалары туралы қосымша ақпарат ала алады.

Шараны Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің көмегімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Тәжікстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар