Душанбеде Қаныш Сәтбаевқа мемориалды тақта ашылды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстан Ғылым академиясы Геология институтында қазақ ғалымы Қаныш  Сәтбаевқа арналған мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының Геология институтында Тәжікстан  Ғылым академиясының бірінші шетелдік құрметті мүшесі, көрнекті қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу салтанатты өтті. Ол  тәжік Ғылым академиясының қызметін, Орталық Азияның геология ғылымын ұйымдастыруға зор үлес қосқан», - делінген Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігі таратқан ақпаратта.

Салтанатты шарда сөз сөйлеген  Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов ғылым саласындағы қазақ-тәжік байланыстарының алдағы уақытта да ретімен дами түсетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Елшілігінің Қаныш Сәтбаевты тәжік жерінде мәңгі есте қалдыру туралы ұсынысына қолдау жасаған Тәжікстан билігіне ризашылығын білдірді.

Ал Тәжістан ҒА вице-президенті Х.Муминов Қ.Сәтбаевтың тәжік жеріндегі қызметіне жоғары баға берді. Екі ел ғалымдарының бүгінгі буыны да ғылым саласындағы тығыз байланысты   жалғастырып келе жатқанын айтты.
null 

Шараға  Тәжікстан ҒА басшылығы, ғылыми қоғамдастық, «Қазақстан-Тәжікстан» достық қоғамы және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар