Дұрыс жылу бермегені үшін «АрселорМиттал Теміртауға» айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға құбырдағы судың жеткілікті деңгейде жылытылмағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрілігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Теміртау қаласы әкімінің хатына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-ге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізгені хабарланды.

Тексеру барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу маусымы басталғалы бері ЖЭО-2-де бекітілген температуралық кестеге сәйкес жылу тасығыш температурасының сақталмайтындығы анықталған. Жылу маусымында құбырдағы судың жеткілікті деңгейде жылытылмаған 8 фактісі анықталған.

Тексеру нәтижесі бойынша, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға 481 000 теңге (200 АЕК) сомасында айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар