Дүниежүзілік бодибилдинг федерациясының басшысы Сингапурда өткен тай боксынан жекпе-жекте көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурда Жауынгерлік өнерден Азия чемпионаты кезінде көрермендердің қызығушылығы үшін кәсіби емес адамдар арасында өткізілген тай боксынан жекпе-жекте қарсыластардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Дүниежүзілік бодибилдинг федерациясының президенті Прадип Субраманиан жекпе-жек кезінде алған жарақатынан жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмған.
Белгілісі, айқас төреші шешімімен 32 жастағы Субраманианның техникалық нокаутына байланысты тоқтатылған. Оның командасының мүшелеренің айтуынша, спортшының жағдайы аса ауыр болмаған. Жекпе-жектен соң спортшы дереу ауруханаға жеткізілген, бір сағаттан кейін ол қайтыс болған.

Айқас Сингапурдағы элиталық мекеменің бірі - бес жұлдызды «Марина бэй сэндс» қонақ үйінде өтокізілген. Бастапқыда қарсыластар ретінде 41 жастағы блогер Стивен Лим мен танымал сингапурлық әнші Силвестер Сим белгіленген. Алайда екі күн қалғанда әнші сақтандыру компаниясымен келісе алмағандықтан айқастан бас тартқан. Осы кезде Субраманиан шаршы алаңға шығуға өзін ұсынған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, спортшы бодибилдинг және пауэрлифтингімен кәсіби тұрғыда айналысқан, кейінгі үш айда жауынгерлік өнерге қызығушылық танытқан. Оның қарсыласы да кәсіби айқасшы емес. Сондай-ақ, жекпе-жек те тай боксының жеңілдетілген ережесі бойынша өткізілген. 

Соңғы жаңалықтар