Дүниежүзілік банк Қазақстанның бизнеске қолайлы қаласын анықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 14 өңірі мен 2 қаласы Дүниежүзілік банктің Doing business 2019 қосалқы ұлттық рейтингіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іскерлік ахуалды кешенді зерттеуге Қазақстанның барлық өңірлері алғаш рет еніп отыр.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Қазақстанның 2 қаласы мен 6 өңіріне зерттеу жүргізген еді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматы, Ақтөбе және Қостанай бизнеске қолайлы қалалар болып танылды.

Жоспарланған зерттеу жұмыстары 4 индикатор бойынша жүргізіледі: кәсіпорындарды тіркеу, құрылысқа рұқсаттама алу, электр желілеріне қосылу және меншікті тіркеу.

«Зерттеудің екінші кезеңінде әдеттегі индикаторларды қарастырамыз, тек географиялық аумақты кеңейтеміз. 8 өңір қол жеткізген табыстарды зерттей отырып, жаңа қалаларды зерттемекпіз. Ондағы шектеулерге қатысты ұсынымдар береміз", - деді Дүниежүзілік банктің жеке сектор бойынша маманы Мұса Трао Астанада өткен таныстырылымда.

Соңғы жаңалықтар