Дүниежүзі қазақтары Халифа Алтайдың еңбектеріне арналған конференцияда бас қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Аталмыш шара Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайы аясында түркі әлеміне кеңінен  танымал дінтанушы-ғалым Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Мақсаты - «Құран Кәрімді» қазақ тіліне аударған және оның басып шығарылуының басы-қасында болған, дінтанушы-ғалым, жазушы, ақын, этнограф Халифа Алтайдың санқырлы ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін жан-жақты ашып көрсету.



Алқалы жиында cаясаттанушы, халықаралық журналист Досан Баймолда, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры, тарихшы Әбдуақап Қара, филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей секілді белгілі ғалымдар мен тарихшылар Алтай Халифа Ғақыпұлы туралы терең мәнді, танымдық баяндамалар оқыды. Шараға әлемнің әр түкпірінен Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайына келген қонақтар, Алтай Халифаның балалары мен немерелері қатысты.


Конференция соңында «Қазақстан ғалымдарының библиографиясы» сериясында қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде және төте жазу әліпбиімен «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітабінің тұсауы кесілді.

Х.Алтай аударған Құран араб графикасымен 1989 жылы жарық көрдi. Ол осы нұсқаны 1991 жылы Дәлелхан Жаналтаймен бiрлесiп, «Құран кәрiм, қазақша мағына және түсiнiгi» деген атпен мол тиражбен Сауд Арабиясының баспасөз уәзiрлiгi тарапынан кирилл әрiптерiмен шығартып, қазақ елiне жеткiздi. Халифа Алтай аударып шығарған «Құранның» бұл нұсқасы Қазақстаннан сырт: Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстанда, Әзербайжан елдерiнде тұратын қазақтардың үлкен рухани байлығына айналды. Кітап Медине қаласындағы патша Фаһдтың «Құран Кәрімді» басуға арналған комбинатында басып шығарылады. 

Соңғы жаңалықтар