«Дүние күйіп кетсе де»: Өртеніп жатқан көліктің қасында ер адам алаңсыз көше сыпырып жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өртенген BMW X5 қасында көше сыпырып жүрген жұмысшының салқынқандылығы интернет пайдаланушыларын таңқалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео Инстаграм желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.

Назарбаев-Райымбек көшелерінің қиылысында BMW X5 көлігі өртке оранған.

Ал жолдың бергі бетінде ер адам алаңсыз көше сыпырып жүр.

Қолданушылар ер адамның іс-әрекетіне қатысты нешетүрлі пікір қалдырды. Бірі «маған осы жігіттің салқынқандылығын берсе ғой» деп жатса, chadievna_.g есімді желі қолданушысы «Бұл аула сыпырушыға машина не керегі бар? Оған өмірі маңызды. Атылып кетсе, оның семьясын кім асырайды?» деп жазған.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, төтенше жағдай 08:32-де орын алған. Көліктің мотор бөлігінде өрт тұтанған.

Өртті 08:34-де ауыздықтау мүмкін болды. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыды.

Көлік иесі өрттен зардап шеккен жоқ.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 20, 2018 at 8:13 PST

Соңғы жаңалықтар