Дүкенге қарулы шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды - Петропавл

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлдық құқық қорғаушылары тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге қарулы шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, облыс орталығының Панфилов көшесіндегі дүкен таңғы сағат 05:00 шамасында тоналған.

«Дүкенде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы екі ер адамның бетперде киіп алып, күзетшіні қорқытып, санаулы секундтардың ішінде кассадағы ақшаны алып кеткені анықталған. Сонымен бірге, олар күзетшінің травматикалық пистолетін тартып алған. Ойластырылған қылмыс болғандықтан, күзетші де, сатушы да не болғанын аңғармай қалса керек. Қылмыстың алдын ала ойластырылғаны белгілі болды», - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Арада көп өтпей тәртіп сақшылары 1993 және 1998 жылғы екі ер адамның ізіне түсіп, оларды қолға түсірген. Қолға түскен кезде оларда қолғап, бетперде мен күзетшінің пистолеті табылған. Дүкен қаланың шетінде орналасқандықтан, ұрылар осы дүкенді тонауды шешкен көрінеді. Қазірі уақытта істің толық мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар