Дұғалов ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетін басқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Ғалымжан Дұғалов ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалымжан Тілектесұлы 2011 жылдан бастап ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасар қызметін атқарды. Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бастаған, бұдан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінде жұмыс істеген.

Әр жылдары ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті, «Ұлттық аккредиттеу орталығы», «Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты», АӨК-тегі кешенді экономикалық зерттеу институттарында түрлы лауазымдарда істеген. 

Соңғы жаңалықтар