Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

2018 жылғы 14 ақпан 08:00 533
Поделиться:
Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады. 6-шы Бүкіләлемдік үкіметтік саммитте осындай жоба таныстырылды, деп хабарлайды ТАСС.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады - Асқар Жұмағалиев Қостанайлықтар 2 айда 23 млн теңгеге көлік нөмірлерін сатып алған

Шараға 140 елден келген 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Таксидің жаңа түрін шығару бастамасын Германияның Volocopter компаниясына ынтымақтастық жасауды ұсынған Дубай жол және көлік басқармасы көтерді.

Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері - көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды.

Әуе таксилерін шығару Дубай билігінің қоғамдық өмірге соны технологияларды енгізу жөніндегі ауқымды жоспарының құрамдас бөлігі болмақ.

Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.

 

 


Басты сөздер: Көлік, Әлем,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат