Дубайда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы кеңінен аталып өтті

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласынан басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА өңірдегі меншікті тілшісі.

3 желтоқсанда Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Қазақстанның Бас консулдығы жерлес белсенділердің көмегімен еліміздегі басты мерекенің құрметіне мәдени көпшілік шара ұйымдастырды. Оған БАӘ мемлекеттік органдарының өкілдері, шетелдік дипломатиялық өкілдік басшылары, журналистер, студенттер және Әмірліктерде өмір сүретін қазақстандықтар қатысты.

Шараға 400-ден астам халық жиналды. Шараның ресми бөлігін БАӘ Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шәріп пен Дубайдағы Бас консул Арман Исағалиев ашты. Олар Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның негізгі даму кезеңдері мен ширек ғасырда қол жеткізген табыстарына тоқталды және Қазақстан мен Әмірліктер ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті. Одан кейін келушілер танымал қазақстандық ұжымдардың концертін тамашалады, атап айтқанда «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі, «Алашұлы» этно-рок тобы және «Қарагөз» Оңтүстік Қазақстан облысы филармониясының ансамблі өнер көрсетті.

null

Сондай-ақ, шара аясында қазақстандық қолөнершілер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, отандық суретшілердің туындылары көрмеге қойылды. Бас консулдық қызметкерлері мен демеушілер және қазақ диаспорасы барлық қонақтарға арнап, ұлттық тағамдар мен тәттілер қойылған мол дастархан жайды. Мереке соңында түрлі жүлдедер тігілген лоторея ойнатылды. Басты сыйлық әуе компанияларының бірі ұсынған Қазақстанға 2 тегін билет болды.

Іс-шараның ең қызықты сәті жастар мен балаалардың қатысуымен өткен «Mannequ in Challenge» заманға сай флешмобы болды. Дубайдағы отандастарымыз бен қонақтар осы ұйымдастырылған салтанатты шарадан жағымды әсер алып қайтты.

Олар онда қазақтың ұлттық ән және би өнерін тамашалап, дәстүрлі өнер мен дастархан мәзірлері туралы білді. Қазақстандық іс-шара БАӘ басты ұлттық мерекесі тәуелсіздіктің 45 жылдығымен сәйкес келді.

Соңғы жаңалықтар