Дубай-Алматы рейсінің ұшағы Шымкентке шұғыл қонды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Дубай-Алматы бағытындағы әуе рейсінің ұшағы науқас келіншекке бола Шымкентке қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы шетелдік әуекомпанияның ресми өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компанияның мәліметінше, борт бағытын бір күнде екі рет өзгерткен.

«Алматыға бағыт алған FlyDubai FZ735 рейсі ауа райының қолайсыздығынан бастапқыда Ташкентке қарай ұшқан. Алайда жолаушылардың бірі науқастанып қалуына байланысты Шымкентке қонуға мәжбүр болды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, келіншек Шымкент қаласында қалдырылды. Содан кейін ұшақ Алматыға қарай ұшып шықты. Жолаушылардан қолайсыздықтар туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз», -делінген хабарламада.

Шымкентте қалған науқас әйелдің жағдайын дәрігерлер айтып берді. Жедел жәрдем қызметі мамандарының сөзінше, 30 жастағы Дубай қаласының тұрғыны эпилепсиямен аурады.

«Жедел жәрдем қызметін таңғы 06.22-де шақыртқан. Дәрігерлер 06.30-да келіп жетті. Себебі, станса әуежайға жақын орналасқан. Науқасты қарау барысында оның талмамен ауыратыны анықталды», - деді дәрігерлер.

Олардың айтуынша, науқас әйел ауруханаға жатып ем қабылдаудан бас тартқан. 

Соңғы жаңалықтар